«Ақжайық» командасының капитаны ресейлік қорғаушы Сергей Шустиков Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында «Ақжайыққа» қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сергей Шустиков «Ақжайыққа» 2021 жылдың ақпан айында Мәскеудің «Торпедосынан» ауысты. 2021 жылғы маусымда футболшы Қазақстан чемпионатында 25 ойынға және Қазақстан кубогында 6 матчқа қатысқан.