Литвалық жартылай қорғаушы Симонас Урбис «Ақжайықпен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Урбис «Банга», «Экранас», «Атлантас», «Паланга», «Жальгирис» және «Кауно Жальгирис» командаларында ойнаған, сонымен қатар Литва құрамасында өнер көрсеткен.

Transfermarkt.de порталы ойыншыны 250 мың еуроға бағалап отыр.