Combat Sports журналисі Хейл отметил UFC 270 турниріне қатысқан файтерлер қанша табыс тапқанын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Оның айтуынша, кеште өнер көрсеткен спортшылардың жалпы табысы WBC тұжырымы бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы Тайсон Фьюри мен оның қарсыласы Деонтей Уайлдер арасындағы үшінші жекпе-жетегі гонорардан 25 есе аз.

«UFC 270 турниріне қатысқан спортшылардың жалпы сыйақысы 1,8 миллион доллар болды. Ал Фьюри Уайлдермен үшінші жекпе-жегі үшін 30 миллион доллар табыс тапты. Уайлдердің табсы 20 миллион доллар болды. Фьюри мен Уайлдердің гонорары UFC 270-де өнер көрсеткен барлық файтердің жалпы табысынан 25 есе көп. Осыдан кейін UFC спортшыларың жалақы аз емес деп айтып көріңіз», - деп жазды Андреас Хэйл «твиттер» парақшасында.

Айта кетейік, UFC 270 турнирінің басты жекпе-жегінде ауыр салмақтағы UFC чемпионы, франциялық Фрэнсис Нганну өзінің отандасы ауыр салмақта уақытша чемпион Сириль Ганмен кездесті. Бұл кездесуде Нганну төрешілер шешімімен жеңіске жетті.