Futsal World Ranking порталы әлемнің ең үздік футзал командаларының рейтингіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

2022 жылдың 24 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан құрамасы онда жетінші орында - 1566 ұпай. Желтоқсандағы рейтинг кестесімен салыстырғанда қазақстандықтар бір позиция төмендеп, 1580 ұпаймен алтыншы орында тұрған Иранды алға шығарды.

Әлемдегі ең үздік құрама:1. Испания — 1793 очков2. Бразилия — 17803. Аргентина — 17414. Португалия — 16975. Ресей — 16816. Иран — 15807. Қазақстан — 15668. Хорватия — 15049-10. Парагвай — 14829-10. Италия — 1482.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Финляндия құрамасымен кездеседі. Өкінішке қарай, матчқа екі маңызды ойыншы қатыса алмайды.

Қазақстан құрамасы әлемдегі үш үздік құраманың қатарына енді