Командада коронавирус індетінің өршуіне байланысты «Қайрат» оқу-жаттығу жиынына аттана алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб 29 қаңтарда Түркиядағы жаттығу жиынына ұшпауы мүмкін.

Бір қызығы, Анталияға барған кейбір команда мүшелерінен де індет анықталып жатыр. Қонақ үйлер ойыншылардың жеке тұрғын үйде немесе виллада оқшаулануын қамтамасыз етеді. Футболшылардың көбінде ауру белгілері жоқ - тек коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетеді.