Дэвис кубогының іріктеу кезеңіндегі Норвегия мен Қазақстан құрамалары арасындағы матчтың өтетін орны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Daviscup.com сайтына сілтеме жасап.

Матч 4-5 наурызда Ослодағы Oslo Tennis Arena жабық спорт кешенінде өтеді.

Кездесудің жеңімпазы 2022 жылғы финалдық турнирде, жеңілген команда I Әлемдік топта өнер көрсетеді.

Фото daviscup.com