Футзалдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің 2-турындағы Финляндияға қарсы матч алдында Қазақстан құрамасы Гронингендегі Martini Plaza аренасында жаттығу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ҚФФ баспасөз қызметі Пауло Рикардо Кака шәкірттерінің жаттығуынан фоторепортаж жариялады.

Финляндия – Қазақстан матчы 25 қаңтарға қараған түні өтеді. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен 01:30-да.