«Шахтер» түлегі Жан Әли Пайруз «Ақжайықтың» Түркиядағы жиынына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы хавбек таяу арада оралдық клубпен келісімшарт жасасады.

Қаңтардың басында Пайруз «Шахтер» сапынан кеткен болатын. Футболшы ресейлік маман Магомед Адиев келгелі негізгі құрамдағы орнынан айырылған еді.

2021 жылғы маусымның екінші жартысында Пайруз «Каспийге» жалға беріліп, барлық турнирде тоғыз матч ойнаған.