Испания чемпионатының 22-турында «Реал Мадрид» өз алаңында «Эльчені» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Осы ойыннан кейін мадридтік команда 50 ұпай жинап турнирлік кестеде көш бастап тұр. Ал 23 ұпайы бар «Эльче» 15-қатарда жайғасқан.

«Реал Мадрид» - «Эльче» - 2:2

Гол соққандар: 82' Модрич 90+2' Милитао 42' Бойе 76' Милья