Бүгін, 23 қаңтарда ақтаулық «Каспий» Анталияда Сербияның Горни Милановац қаласының «Металац» командасымен бақылау кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:2 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, «Металац» Сербия чемпионатының күзгі бөлігінде 21 матчта 16 ұпай жинап, Суперлига кестесінде 15-ші орында аяқтады.

«Каспий» Қазақстан-2021 чемпионатында 26 ойында 32 ұпай жинап, 8-ші орын иеленді.