Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Нидерландыда өтіп жатқан Еуропа чемпионатындағы алғашқы ойында Словениямен тең түскен еді.

Кака шәкірттерінің турнирдегі келесі қарсыласы бірінші матчта азулы Италиямен тең ойнаған (3:3) Финляндия болмақ

Prosports.kz тілшісі Қазақстан құрамасының құрлық біріншілігіндегі болашағы мен ойыны туралы пікірін білу үшін қарағандылық «Тұлпардың» бұрынғы президенті Анатолий Смотрицкийге хабарласуды жөн көрді.

- Анатолий Моисеевич, Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы матчына қандай баға берер едіңіз?

- Екіұдай сезімде қалдым. Біріншіден, елде болып жатқан барлық жағдай, әрине, әсер етті. Команда толық дайындалу мүмкіндігінен айырылды, сонымен қатар кейбір сынақ нәтижелері оң болды және көптеген ойыншылар үйде қалды. Команданың бразилиялық ойыншылары Қазақстанға уақытында келе алмады. Әрине, барлық командада ковид те, жарақат та болғанын ескеруіміз керек.

- Егер Кака командамен бірге болған кезде бірінші матчтың нәтижесі басқаша болар ма еді?

- Егер Кака орнында болып, біздің бразилиялықтар турнирге толық дайындалған болса, ойын мүлде басқаша болар еді. Словения мықты қарсыласы екені даусыз, бірақ әлемдік футзалдағы қазіргі күштердің теңгерімін ескере отырып, Қазақстан мұндай қарсыласты еш қиындықсыз жеңуі керек. Мұның бәрі өз әсерін тигізді, сондықтан қоржынға бір ұпай түскеніне қуануымыз керек. Әрине, Тұрсағұловтың жоқтығы да көзге ұрып тұрды. Кез келген сәтте эпизодты өз пайдасына шешіп кететін, тіпті, бразилиялықтардың қолынан келе бермейтін әрекет жасайтын Дәурен, сөзсіз әлемдік деңгейдегі ойыншы. Арнольд Кнауб бар болғанда, ол да өз көмегін тигізер еді.