Қазақстандық Андрей Голубев аралас сында ширек финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

А.Голубев украиналық Людмила Киченокпен бірге екінші айналымда жапониялық Макото Ниномия - пәкстандық Айсам-уль-Хак Курешимен кездесті.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта жапониялық-пәкстандық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша А.Голубев те жарыс жолынан шығып қалды.