«Тұран» футбол клубы беларусьтік қорғаушы Андрей Залескимен келісімшарт мерзімін ұзартты.

31 жастағы ойыншы былтыр «Тұран» сапында 24 кездесуге қатысты.

Айта кетейік, оның інісі Алексей Залеский жақында ақтаулық «Каспийден» өз елінің «Торпедо-БелАЗ» командасына ауысты.