Қазақстан құрамасының қақпашысы әрі капитаны Игита Еуропа чемпионатына қатысты пікірін айтты.

«Кеше тең ойнадық, бірақ біз үшін жеңіспен бірдей болды! Қаншама қиындық. Жарақат, COVID пен жақында біздің елде болған жағдай көп адамның өмірін қиып, біздің дайындықты тоқтатып тастады!

Бізге халқымыздың қолдауы ауадай қажет. ЕУРО секілді жоғары деңгейдегі жарысқа лайықты дайындалмау келу өте қиын! Алға, Қазақстан, біз мінезімбен мықтымыз және қиындықты жеңе аламыз!», — деп жазды Игита Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы алғашқы матчта Словениямен тең түсті. Үш күннен кейін біздің жігіттер Финляндиямен сынға түссе, екі дүркін Еуропа чемпионы Италиямен 28 қаңтарда ойнайды.