«Ақтөбенің» бас бапкері Владимир Мұханов клуб баспасөз қызметіне житомирлік «Полесьеге» (1:2) қарсы жолдастық матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Жақсы спарринг өткіздік деп ойлаймын. «Полесье» Украинаның жоғары лигасына шығуға талас жүргізіп жатқан ұжым. Оны Калитвинцев деген танымал әрі ақылды бапкер баптайды. Командасы жаман емес. Бақылау матчы көңілімнен шықты. Екі ай жарым демалыстан соң бір апта ғана дайындалдық. Бірақ соған қарамастан жігіттердің ойны маған жалпы ұнады. Бірінші таймдағы құрам негізгіге жақын болды, ойын тең өрбіді. Біз де, қарсылас та есеп аша жаздадық. Екінші таймда жастар шықты. Бірнеше қате жібердік, алайда ойынды өз қолымызға алып жақсы өнер көрсеттік. Бұл алғашқы ойын бізге серпін береді деп сенемін», - деді Мұханов.