Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака, Ерсұлтан Сағындықов пен Арнольд Кнауб ұлттық команда сапына қосылу үшін Нидерландыға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Futsalkazakhstan парақшасына сілтеме жасап.

Кнауб пен Кака коронавирус жұқтыруына байланысты Словенияға қарсы матчқа қатыспаған болатын. Енді Еуропа чемпионатындағы екінші матчын Қазақстан құрамасы 25 қаңтарда Финляндияға қарсы өткізеді.