«Астана» Беларусь құрамасының жартылай қорғаушысы Евгений Яблонскиймен келісімшартқа отыруға жақын, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы pass–goal сайты хабарлады.

Бір күн бұрын футболшы 2014 жылдан бері ойнаған БАТЭ сапынан ресми түрде кетті. Ойыншы аталған клубта 259 матчқа қатысып, 14 гол соқты және 13 нәтижелі пас берді.