«Ақтөбе» 26 жастағы хорватиялық жартылай қорғаушы Мате Црнчевичпен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Меткович қаласының тумасы өз отанындағы «Драговоляц», «Цибалия» және загребтік «Динамоның» құрамында доп теуіп, 81 ойында бес гол соғып, үш голдық пас берген. Соңғы маусымды Босния және Герцеговинаның жоғары біріншілігінде өнер көрсететін «Железничар» сапында өткізген.

Црнчевич жартылай қорғаныстың тірек аймағында ойнайды. Әртүрлі жас деңгейінде Хорватия құрамасының намысын қорғаған. «Цибалия» клубымен бірге Хорватияның Екінші лигасын жеңген.