UFC файтері қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-6) жанкүйерлеріне келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Баршаңызға ассалаумағалейкум! Жағдайым жақсы, әлхамдулиллаһ. Дайындалып, жаттығып жатырмыз. Айдың соңына қарай оқу-жаттығу жиынына аттанамын, келесі жекпе-жекке дайындаламын. Рамазанға дейін жекпе-жек өткізгім келеді, сосын Рамазанда демаламын», - деді Жұмағұлов Instagram Stories-те жариялаған видеоүндеуінде.

Кейінгі жекпе-жегінде «Жако» анголалық Манел Капеден (17-6) бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтылып қалды.