Испаниялық теннисші, «Үлкен дулыға» турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Рафаэль Надаль Australian Open-нің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Екінші айналымда ол германиялық Янник Ханфманды 6:2, 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Матч 2 сағат 42 минутқа созылды.

Енді турнирдің төртінші айналымына шығу үшін Надаль Карен Хачанов (Ресей) — Бенжамен Бонзи (Франция) матчының жеңімпазымен кездеседі.