Futsalplanet.com порталы жыл сайынғы Futsalplanet Awards 2021 жүлдесінің жеңімпаздарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ерлер арасындағы футзалдан әлемнің ең үздік қақпашысы атағын Гитта деген атпен танымал бразилиялық футзалшы Тиаго Мендес Роша жеңіп алды. Жалпы ұпай саны – 299. Дәл осы номинацияға Қазақстан мен «Қайрат» қақпашысы Игита ұсынылды. Ол екінші орын иеленді.