Юлия Путинцева Australian open-2022 бірінші кезеңінде жұптық сында жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық София Кенинмен жұп құраған қазақстандық теннисші қытайлық Йифан мен Ян Чжаосуан дуэтінен үш сетте ұтылды - 5:7, 6:4, 1:6.

Еске салайық, бұған дейін Юлия Путинцева жекелей сында француз Хармон Таннан 3:6, 3:6 есебімен ұтылып қалған болатын.