Орта салмақтағы ресейлік Андрей Сироткин (19-1-1, 7КО) мен қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8КО) арасындағы жекпе-жектің жаңа уақыты белгілі болды, деп жазады Prosports.kz сайты ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасына сілтеме жасап. ⠀Бастапқыда жоспарланған 22 қаңтардың орнына спортшылар 5 ақпанда Ақтауда (Қазақстан) жұдырықтасады.⠀Сироткин алдыңғы жекпе-жегін өткен жылдың сәуір айында Ұлыбританияда өткізіп, жергілікті Дэнни Дигнуммен тең түсті. Нұрсұлтановқа келер болсақ, ол соңғы рет өткен жылдың маусым айында беларусь Дмитрий Атроховты төрешілер шешімімен жеңді.⠀Қазақстандық боксшы WBC (USNBC) нұсқасы бойынша орта салмақ чемпионы. Беделді BoxRec.com порталы Нұрсұлтановтың бұл жекпе-жегіне бес жұлдыздың үш жұлдызы деген баға берді. Бүгінде бұл Мейірімнің мансабындағы ең жоғары рейтингке ие жекпе-жек.