Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, ҚПЛ дебютанты «Ақсу» Павлодарда қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ақсу» командасының бас бапкері болып 45 жастағы украиналық маман Руслан Костышин тағайындалды. Ол Павлодарда қысқа мерзімді жиын өткізуді талап етті. Маман қазақстандық жас футболшылардың мүмкіндіктерімен жеке танысқысы келді.

«Ақсу» төрт жаттығу жиынын өткізіп, Нұр-Сұлтанға барады, одан кейін Түркияға аттанады. Онда павлодарлықтар 21 қаңтар мен 22 ақпан аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.