Камерунде футболдан Африка ұлттары кубогының А тобындағы 3-тур матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу нәтижелері мынадай:

Кабо-Верде – Камерун 1:1 (0:1)Голдар: 0:1 – Абубакар (39), 1:1 – Родригеш (53)

Буркина-Фасо – Эфиопия 1:1 (1:0)Голдар: 1:0 – Байала (24), 1:1 – Кебеде (52, пен)

А тобында бірінші орынды 7 ұпай жинаған Камерун құрамасы еншіледі. Екінші орынды Буркина-Фасо командасы еншіледі. Ол соғылған голдар саны бойынша Кабо-Вердеден озып кетті. Екі командада да төрт ұпайдан бар. Бір ұпай жинаған Эфиопия құрамасы төртінші орын алды.

Камерун мен Буркина-Фасо құрамалары 1/8 финалға жолдама алды. Кабо-Верде командасының да плэй-оффқа шығатын мүмкіндігі бар, үшінші орын алған алты команданың төртеуі 1/8 финалға өтеді.

Фото cafonline.com