Шорт-тректен Қазақстан құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков Пекиндегі қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын бес спортшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Олимпиадада ел намысын Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Ольга Тихонова мен Яна Хан қорғайды.

«Бұл спортшылар 2022 жылғы Олимпиада ойындарына Әлем кубогы кезеңдері арқылы жолдама алды», – дедң Мәдіғали Қарсыбеков.

Олимпиадада шорт-трек жарысы 5-16 ақпан арасында өтеді.

Фото olympic.kz