Boxing.PL порталының редакторы Марек Кудек ауыр салмақта әлем чемпионы атануы мүмкін боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аталған тізімде қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) бар. Сарапшының ойынша, Қамшыбектің әлем чемпионы болуға толық мүмкіндігі бар.
«Жаңа толқын келе жатыр. Мына топта кемінде екеуі ауыр салмақтағы болашақ чемпион», - деп жазды ол Twitter желісіндегі жеке парақшасында.
Айта кетейік, былтыр желтоқсан айында Қоңқабаев британиялық Стивен Уордты (13-2, 4 КО) жеңіп, бірінші ауыр салмақта WBA Gold белбеуіне ие болды. Сонымен қатар, ол Токио Олимпиадасында қола медаль алды.
Комментарии