Латвиялық маман Петерис Скудра «Сарыарқа» хоккей клубының тізгінін ұстады, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы қарағандылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

48 жастағы Скудра бұған дейін Нижний Новгородтың «Торпедосын», Челябинскінің «Тракторын» және Риганың «Динамосын» жаттықтырған.

Айта кетейік, «Сарыарқа» жақында бұрынғы бас бапкер Александр Макрицкийді қызметінен босатқан.