Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еупопа чемпионаты өтетін Нидерландыға аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойыншылар Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл - Амстердам бағытында ұшады.

Қарт құрлықтың біріншілігінде Қазақстан құрамасы В тобында өнер көрсететін болады. Онда Еуропаның екі дүркін чемпионы Италия, Словения және Финляндия құрамалары бар. Біздің топтың матчтар Гронинген қаласында өтеді. Топтық кезеңнің матчтары 20-28 қаңтарға жоспарланған. Ширек финалға әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар ғана шығады.

EURO-2022 додасы 19 қаңтар күні Нидерланд – Португалия матчымен басталады. Ал ертесіне Қазақстан құрамасы Словениямен күш сынасып, додадағы алғашқы матчын өткізеді. Араға 4 күн салып, яғни 24 қаңтар күні құрамамыз Финляндия командасымен кездеседі. 28 қаңтар күні Рикардо Кака шәкірттері италиялықтармен ойнайды.