UFC-дегі қазақстандық алғашқы файтер қыз Мария Агапова Instagram stories-те Марина Морозға қарсы жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Наурызға дейін шыңдаңдар, достар! Жекпе-жекке аз уақыт қалды! Сендерді қуантуға асықпын», — деп жазды Мария.

Еске салайық, Мария Агапова Марина Морозбен UFC 272 турнирінде 5 наурызда Лас-Вегаста кездеседі.