Шымкенттік «Ордабасының» орталық қорғаушысы Александр Клещенко «Тұран» сапына ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Клещенко карьерасын басқа клубта жалғастыруды шешкен, себебі «Ордабасы» қаржылық мәселелерге байланысты, биылғы маусымға қатыспауы мүмкін.

26 жастағы ресейлік қорғаушы таяуда «Тұранның» бас бапкері Владимир Газзаевтан ұсыныс алған. Ойыншы мен бапкер қостанайлық «Тобылда» бірге жұмыс істеген.