Бейжіңдегі қысқы Олимпиада 4-20 ақпан аралығында өтеді. Алайда, бірінші бәсекелер 2 ақпанға жоспарланған. Осы орайда, Olympic.kz биатлоншылардың Олимпиададағы жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.

Қысқы Олимпиададағы биатлоншылар бәсекесі 5-19 ақпан аралығында өтеді. Спортшылар 11 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Биатлоннан жарыс кестесі:

5 ақпан, аралас эстафета;

7 ақпан, жекелей сын, әйелдер

8 ақпан, жекелей сын, ерлер;

11 ақпан, спринт, әйелдер;

12 ақпан, спринт, ерлер;

13 ақпан, із кесу жарысы, әйелдер;

13 ақпан, із кесу жарысы, ерлер,

15 ақпан, ерлер эстафетасы;

16 ақпан, әйелдер эстафетасы;

18 ақпан, масс-старт, ерлер;

19 ақпан, масс-старт, әйелдер.

Биатлоншылар додасы Ұлттық биатлон орталығында өтеді.