«Астана» футбол клубы черногориялық қорғаушы Жарко Томашевичпен қоштасты, деп жазады Prosports.kz.

31 жастағы ойыншы клубтан келісімшарт мерзімі аяқталғанына байланысты кетті.

Жарко «Астана» сапына 2019 жылы қосылып, сол жылы Қазақстан Чемпионатының алтын жүлдесіне қол жеткізді. Екі жыл ішінде елордалық клуб үшін 48 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 2 ассист берді.