Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, шымкенттік «Ордабасы» қаржылық қиындықтарға байланысты Премьер-лиганың келесі маусымына тіркелмейді, деп жазады Prosports.kz.

Клуб ойыншылардың жалақысын ұзақ уақыттан бері кешіктіріп келеді, оның салық органдарына да орасан мол қарызы бар.

«Ордабасы» ел чемпионатына қатыса алмаса, оның орнына «Оқжетпес» өнер көрсеткісі келеді. Бірақ көкшетаулық клуб та бұрынғы футболшыларына қарыз. Олар да алдымен осы қарызды өтеуі керек.

Сонымен қатар, «Қайсар» да шымкенттік команданың орнына келуі мүмкін. Қызылордалық клуб былтыр Премьер-лигадан ұшып кеткен еді.

«Ордабасының» Еркебұлан Тұңғышбаев, Абдуллай Диакате, Бекхан Шайзада секілді жетекші ойыншылары түркістандық «Тұранға» ауысады.