29 қаңтар күні Шымкентте өтуі тиіс Alash Pride FC 72 турнирі кейінге шегерілді.

«Елімізде орын алған жағдайларға байланысты, 29 қаңтар күніне жоспарланған турниріміз ақпан айына қалды», — деді Alash Pride FC президенті Данияр Қасқарауов.

Естеріңізге сала кетсек, Alash Pride FC соңғы турнирін 12 желтоқсан күні ресейлік Open FC ұйымымен бірлесіп өткізген еді.