Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге Сиднейдегі WTA 500 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Данилина - Майя жұбы финалда германиялық Вивиан Хайзен мен венгриялық Панна Удвардиді жеңді.

1 сағат 37 минутқа созылған кездесу 4:6, 7:5, 10:8 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Анна Данилина алғаш рет WTA 500 сериялы турнирде топ жарып отыр.