Қанат Ислам спортшы Қуат Хамитовты қолдап, оның ерлігін баяндады.

- Қуатты жақын танығаныма 15 жылдай болыпты. Мен оны шын батыр, намысқой азамат ретінде ерекше құрметтеймін!

Ол қазақтың ту қылып ұстар айрықша ардақты азаматы! Оған жала жабылып жатыр ма, әлде бірдеңені мойындатпақшы болып қысым көрсетіп жатыр ма, әйтеуір бір қорлықтың болып жатқанын естіп жатырмын! Қуаттың намысын қорламаңдар! Оның намысы барша қазақ жігіттерінің намысы!!!

"Елім, жерім" деген ержүрек жігіттердің кеудесін баса бергеннен пайда да, абырой таппайсыңдар!

Бұл әрекеттері қазақтың жігіттерінің өшпенділігін өршітпесе жігерін жасыта алмайды. Қуатқа тиген жұдырық біздің жүрегімізге пышақтай қадалып тұрғанын сезінсін!!!Қуат бауырым! Біз сенімен біргеміз!!! РАХМЕТ БАТЫРЫМ, - деп жазды боксшы.