Бразилия құрамасының бас бапкері Тите әлем чемпионатына іріктеу турнирінің келесі матчтарына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Тізімге 26 футболшы енді.

Жарақатынан әлі толық айықпаған Неймар құрамаға шақыртылмады. Ал 38 жастағы «Барселонаның» қорғаушысы Дани Алвес тізімге енді.

Айта кетейік, Бразилия құрамасы сырт алаңда Эквадормен (27 қаңтар), одан кейін өз алаңында Парагваймен (2 ақпан) кездеседі.