Сербиялық маман Милош Крушчич «Ақсуды» жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тараптар келісімшартқа жасасуға келісті.

Крушчич футболшы ретінде 2001 жылдан 2007 жылға дейін ресейлік «Ростовта» өнер көрсетті. Ал бас бапкер ретінде сербиялық «Металац» және «Земун», Болгарияның ЦСКА командаларында жұмыс істеді. Сонымен қатар «Тараз», «Литекс» және сербиялық «Спартак» командаларының бапкерлер штабында жұмыс істеді.