Ел чемпионы Түркияда оқу-жаттығу жиынын 14 қаңтарда бастайды.

Команда 13 қаңтарда жолға шығып, ертесіне алғашқы жаттығуын жасайды.

«Тобылдың» жаттығу жиыны 8 қаңтарда басталуы керек еді, алайда елдегі жағдайға байланысты кейінге шегерілді.