Өткен жылдың желтоқсанында басталып, коронавирусқа байланысты тоқтатылған хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі Бейжің Олимпиадасында анықталады.

Бұл туралы Халықаралық хоккей федерациясының президенті Люк Тардиф хабарлады.

26 желтоқсан күні Канаданың Эдмонтон және Ред-Дир қалаларында басталған әлем чемпионаты коронавирусқа байланысты тоқтатылған еді. Кейін Тардиф біріншіліктің жазда өтуі мүмкін екенін хабарлаған.

«Біз жарысты жазда өткізуге дайындалып жатырмыз. Уақыты мен өтетін орны Олимпиада кезінде анықталады», - дейді Тардиф.

Айта кетелік, қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді.