Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 22 жастағы қорғаушы Дінмұхамед Қашкен «Шахтермен» келісімшартқа отыруға жақын, деп жазады Prosports.kz.

Желтоқсан айында Қашкен «Монаконың» екінші командасымен жаттығып жүрген, бұл сапардың нәтижесі француздық клуб қысқа мерзімді демалыстан шыққаннан кейін белгілі болуы керек еді. Дегенмен футболшы қарағандылықтармен келісім-шартқа келісіп қойған көрінеді.

Қашкен «Атлетико Мадрид», «Сарагоса» және бірқатар қазақстандық клубтардың – «Астана», «Жетісу», «Қайсар», «Ақтөбе» клубтарының жастар құрамаларында өнер көрсетті.