Елдегі наразылықты қолдаған қазақстандық ММА боксшысы Қуат Хамитовты (23-7-2) ОМОН қызметкерлер ұстап алып кетті. Бұл туралы Қуаттың әпкесі Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Өтінемін көмектесіңіздер. Жаңа ғана інім, спортшы Қуат Хамитовты үйден алып кетті. Он ОМОН қызметкері оны ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап тастады », - деп жазды туысы.

Айта кетейік, бұған дейін де файтер елде болып жатқан оқиғаларға көңілі толмайтынын бірнеше рет айтып, митингілерге қатысқан болатын.

«Алматы, Батыстың жігіттері халықпен бірге. Бейбіт қолдау», - деп жазған Хамитов Instagram парақшасында.