«Ростов» қысқы трансферлік терезеде қорғанысының орталығын күшейткісі келеді, деп жазады Prosports.kz.

Клуб Қазақстан чемпионатында «Ордабасы» сапында өнер көрсететін 26 жастағы қорғаушы Александр Клещенкоға назар аударды.

Transfermarkt порталы ойыншының нарықтық құнын 400 мың еуроға бағалап отыр. Клещенко мансабында «Томь», «Кубань», «Енисей», «Тобыл» командаларында өнер көрсетті. Қазақстан чемпионатындағы соңғы маусымда қорғаушы 22 ойын өткізіп, бір гол соқты.

Ресей Премьер-лигасының 18 турынан кейін «Ростов» 18 ұпаймен 14-орында.