«Краснодардың» басшылығы бас бапкер Виктор Гончаренконы қызметінен босатты, бұл туралы клубтың ресми сайты жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Клуб оның екі көмекшісі Василий Березуцкий мен Александр Ермаковичпен келісімшартты үзеді.

Гончаренко мен «Краснодар» арасындағы еңбек келісімі 2023 жылдың жазына дейін жасалған еді. «Краснодар» Ресей чемпионатындағы қысқы үзіліске бесінші орынмен кетті.

Еске салайық, мәскеулік ЦСКА-ның қазақстандық жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов клубтағы жолын осы 44 жастағы беларусьтік маманның жаттықтыруымен бастаған еді.