Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Форлиде (Италия) өтіп жатқан Челленджер турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Денис бірінші айналымда португалдық теннисші Гонсало Оливейрамен кездесіп, оны 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 19 минутқа созылды.

Еске сала кетейік, іріктеу финалында Денис Евсеев Германия өкілі Эльмар Эйюповичті үш сетте жеңді - 6:7 (8), 7:6 (5), 6:2.