Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионатына қатысатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тізімде он бес ойыншы бар, бірақ оқу-жаттығу жиынынан кейінгі команданың соңғы өтінімі он төртке дейін қысқарады.

Қақпашылар: Игита («Қайрат»), Нарун Серіков («Қайрат»), Рауан Атантаев («Нұр-Сұлтан»);

Алаңдағы ойыншылар: Тайнан («Эль Позо», Испания), Дуглас («Қайрат»), Шыңғыс Есенаманов («Қайрат»), Альберт Ақбалықов («Қайрат»), Біржан Оразов («Қайрат»), Дәурен Тұрсағұлов («Қайрат»), Арнольд Кнауб («Динамо-Самара», Ресей) , Лео (Норильск Никель, Ресей), Нұрбек Қарағұлов (Ақтөбе), Азат Валиуллин (Аят), Жомарт Тоқаев (Атырау), Ерсұлтан Сағындықов («Атырау»).

Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты 19 қаңтар мен 6 ақпан аралығында Нидерландыда өтеді. Қазақстан құрамасы Италия, Словения және Финляндиямен бір топта өнер көрсетеді.