Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық Серік «Панда» Мұсәділов (11-0, 9 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Boxrec.com порталының мәліметінше, 27 жастағы боксшы келесі жекпе-жегін Майамидегі (Флорида, АҚШ) Manual Artime Community Center Theater аренасында өткізеді. Қарсыласы кім болатыны белгісіз.

Мұсәділов кейінгі жекпе-жегін былтыр 20 қарашада өткізген. Сол кездесуінде америкалық Дастин Лонгті (6-3-2, 4 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Фото instagram.com/serikmussadilov