Өткен маусымдағы «Атыраудың» бапкерлер штабы Армения чемпионатында жұмыс істейді, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы Meta-ratings.kz сайты хабарлады.

Арам Восканян, сондай-ақ оның көмекшілері Манук Саргсян, Тигран Асланян және Айк Восканян отандарына оралды. Олар өткен жазда Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайратты» тізе бүктірген «Алашкертті» жаттықтырады.

Армения чемпионатының күзгі бөлігінде «Алашкерт» бесінші орынға жайғасты, көшбасшы «Арарат-Армениядан» 19 ұпайға артта қалды. «Алашкерттің» бұрынғы бапкері сербиялық Милан Миланович болатын.