Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев (4-0, 3 КО) Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) рейтингісінде орнын айтарлықтай жақсартты.

Бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold чемпионы атағын жеңіп алғаннан кейін, Қоңқабаев тоғызыншы орыннан төртінші сатыға көтерілді.

Жаңартылған рейтингте Қамшыбектен Юниэль Дортикос (25-2, 23 КО), Алексей Егоров (11-0, 7 КО) және Бад Джек (25-3-3, 15 КО) жоғары тұр. Ал бұл дивизиондағы «Тұрақты» әлем чемпионы Риад Мерхи (30-1, 25 КО) болса, «Суперчемпион» — Арсен Гуламирян (26-0, 18 КО).